Әдеби қонақжайда-мерейтой иелері
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Әдеби қонақжайда-мерейтой иелері» атты көрме болып өтті. Кітап көрмесі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, балалар әдебиетінің классигі Ә.Табылдиевтің – 100 жылдығына, белгілі жазушы, публицист, әдебиет зерттеушісі М.Сәрсекенің – 90 жылдығына арналды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды мерейтой иелерінің бай әдеби мұрасымен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиеттерді насихаттау. Көрмеге қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, әдеби-зерттеу еңбектері, мақалалары, естеліктер мен фотоматериалдары көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме келген оқырмандарға жазушылардың шығармалары арқылы рухани байып, әдеби қонақжайда тағылымды ой түюге мүмкіндік берді.







