БІР ЕЛ – БІР КІТАП -2026

   БІР ЕЛ – БІР КІТАП -2026
  Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен жүзеге асатын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2026 жылға оқуға ұсынылған шығарма ретінде Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы таңдалды.
  Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – қазақ халқының ХХ ғасырдағы ауыр тарихи тағдырын, әсіресе Шығыс Түркістандағы (Қытай жеріндегі) қазақтардың өмірін суреттейтін шығарма.
Қысқаша мазмұны:
  Романда туған жерден ажырау, ел үшін күрес, азаттыққа ұмтылу, қуғын-сүргін, көші-қон сияқты күрделі мәселелер қамтылады. Басты кейіпкерлердің тағдыры арқылы қазақ халқының ұлттық болмысы, еркіндікке деген рухы, тарихи әділетсіздікке қарсы күресі көрсетіледі.
  Шығармада:
шекара сыртында қалған қазақтардың тұрмысы,
Қытай билігінің қысымы,
елге оралу арманы мен күресі
терең бейнеленеді.
  «Тағдыр» – жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттың тағдырын танытатын, тарихи-әлеуметтік мәні зор роман.Тарихты тануға, ұлттық рухты сезінуге жетелейтін бұл роман бейжай қалдырмайды. Барша оқырман қауымды ұлттық әдебиетіміздің жауһар туындысын бірге оқып, бірге ой толғап, рухани кемелденуге шақырамыз.
Бірге оқиық.
Бірге ойланайық.
Бірге өсейік.
28 қаңтар 2026 ж. 329

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам