» » Ұлттық өнердің символы – М.Әуезов атындағы театр

Ұлттық өнердің символы – М.Әуезов атындағы театр

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі  студенттерінің қатысуымен М.Әуезов атындағы театрдың 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық өнердің символы – М.Әуезов атындағы театр» атты өнер сағатын өткізді.
    Шара  аймақ басшысы Н.М.Нәлібаевтың:
    –«Осыдан бір ғасыр бұрын, яғни 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылордада жаңадан құрылған ұлттық театрдың, қазіргі М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының алғашқы қойылымы сахналанды. Бұл ұлтымыздың кәсіби театрының негізі қаланған күн ретінде тарихта қалды.
  Өткен жылы ғана Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанының, ұлтымызға «Қазақ» атауы қайтарылғанының 100 жылдығын кең көлемде атап өттік. Сыр жұртшылығы бір ғасырдан бері халқымыздың асыл мұраттарын, құндылықтарын сахна арқылы ұрпақ санасына сіңіріп келген ұлт театрының Қызылордадан бастау алғанын мақтаныш тұтады», -  делінген мақаласымен ашылды. Сонымен қатар жастарға қазақ кәсіби театрының қалыптасу тарихы, театрдың ұлттық руханиятты дамытудағы рөлі, сахна өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті актерлер мен режиссерлердің шығармашылық жолы таныстырылды. 
   Шараның мақсаты - оқырмандарға ұлттық театр өнерінің бай мұрасымен таныстырып, қазақ сахна өнеріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
28 қаңтар 2026 ж. 40

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам