» » Алашорда көсемі – Әлихан Бөкейханов

Алашорда көсемі – Әлихан Бөкейханов

  №1 кітапхана Алаш партиясының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Алашорда көсемі – Әлихан Бөкейханов» атты библиографиялық шолу өтті.
  Шараның мақсаты – ұлт мақтанышының өмір жолын, ғылыми мол мұрасын кең арнада таныстыру, Алаш көсемінің ел еркіндігі жолында атқарған ерен еңбегін насихаттау. 
  Шара барысында оқырмандарға бала Әлиханнан – көсем Әлихан Бөкейхановқа дейінгі Алаш арысының өмірбаяны, шығармашылық жолы таныстырылып, қайраткер тұлға жайлы жазылған «Аңыз адам» журналы, «Қазақ халқының тарихи тұлғалары», «Жүз жиырма тұңғыш», Т. Жұртбайдың «Біртұтас Алаш идеясы», Қ.Сақтың «Алаш мұрасы», А.Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» және Ә. Бөкейхановтың мақалалары мен ғылыми зерттеулері топтастырылған еңбектеріне библиографиялық шолу жасалды.
28 қаңтар 2026 ж. 64

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам