Әдептілік - тәрбие бастауы

  №3 кітапхана Ә.Молдағұлова атындағы  №173 мектептің психолог маманы Меруерт Байзақова және 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Индира Боранбаеваның қатысуымен, «Әдептілік - тәрбие бастауы» атты әңгіме өткізді.  
  Шараның мақсаты - өз елінің салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін жақсы білетін, ұлттық құндылық пен жалпы адамзаттық құндылықтарды ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
  Шара барысында еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап, ұлтымыздың дәстүрлі құндылықтары одан әрі нығайып, таныла түскені туралы әңгіме өрбіді. «Әдептілік ар - ұят – адамдықтың белгісі» атты кітап көрмесінен айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабековтың аяулы аруларға арналған «Еркем, өмірің көркем болсын» атты кітабы және тағы басқа рухани-мәдени құндылықтарға толы әдебиеттер насихатталды.
28 қаңтар 2026 ж. 56

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам