Халқы сыйлаған қаламгер
№2 кітапхана ақын, жазушы, драматург Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына орай «Халқы сыйлаған қаламгер» атты әдеби кеш Абылайхан атындағы №140 орта мектептің Жұлдызай Музарапшина жетекшілік еткен 5 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Ұйымдастырылған рухани шара ұлт әдебиеті мен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің бай шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналды. Кеш барысында ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан Әдібай Табылдиевтің поэзиясы мен прозасы, драматургиялық еңбегі жайында мәлімет берілді. Балаларға арналған тілге жеңіл, ойы анық өлеңдерін жатқа оқып, адалдық пен мейірім тақырыбындағы әңгімесінен сахналық қойылым көрсетті.







