Сыр сүлейі
№ 16 кітапхана ақын, жыршы, айтыскер, әнші Кете Жүсіп Ешниязұлының 155 жылдығына орай «Сыр сүлейі» атты ауызша журнал өткізді. Шараға Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары қатысты.
Екі бөлімнен тұратын ауызша журнал барысында ақындыққа 14 жасынан келген Кете Жүсіптің артына қалдырған мол мұрасы, көркем туындылары жайлы кеңінен айтылып, кітапхана қорындағы шығармалары таныстырылды.
Шараның мақсаты - оқырмандарға К.Ешниязұлының өмір жолдары мен шығармашылығын таныстыру, насихаттау.







