Жұбан – өр рухты ақын

  №6 кітапхана Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жұбан – өр рухты ақын» атты әдеби жыр кешін өтті.
  Кеш барысында оқушылар ақынның елдік пен ерлікке үндейтін өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығы жайлы тың деректермен танысты. «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді оқылып, ақынның қайсар рухы мен азаматтық үні кеңінен дәріптелді.
  Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жұбан Молдағалиевтің өлең жинақтары мен өмірі туралы әдебиеттер қойылып, қатысушыларға мәлімет берілді. Әдеби кеш оқушыларға рухани әсер беріп, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті арттырған тағылымды шара болды.
29 қаңтар 2026 ж. 35

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам