Күй сандық
№15 кітапхана Талсуат ауылдық клуб үйімен бірлесіп, Қазақстанның танымал домбырашысы, композиторы Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Күй сандық» атты танымдық кеші өткізілді.
Шара барысында Дина Нұрпейісованың бай шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, «Он алты жыл», «Жеңіс», «Ана бұйрығы» күйлерінің шығу тарихы ерекше атап өтілді. «Күй анасы - Дина дәстүрмен даналықтың мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ұлы қазақ домбырашысының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар насихатталды.







