Өнер еліне саяхат
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Өнер еліне саяхат» циклі бойынша атақты күйші Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі болып өтті.
Көрмеге Д.Нұрпейісованың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған кітаптар, күйші, композитордың атақты күйлері мен ресми еңбектері қойылды.
Кітап көрмесі ұлттық мәдениет пен рухани мұраны сақтаудың, жас буынды дәстүрлі өнерге баулудың, сондай-ақ еліміздің тарихи музыкалық тұлғаларын дәріптеудің маңызды бір бөлігі болды.
Шараның мақсаты - қатысушыларға қазақтың күйшісі Д.Нұрпейісованың өнерлік мұрасы мен халық руханиятына қосқан үлесін таныту.







