100 кітап – 100 қазына

  №11 кітапхана №215 мектептің коворкинг залында «100 кітап – 100 қазына» атты кітап көрмесін өтті. 
  Шараның мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың рухани-мәдени танымын кеңейту, ұлттық және әлемдік әдебиеттің озық үлгілерін кеңінен насихаттау.
  Шара барысында мектеп кітапханашысы Гүлжан Малкенова мазмұнды баяндама жасады. «Таңдаулы 100 кітап» жобасының маңыздылығына тоқталып, бұл кітаптардың оқушылардың тұлғалық дамуына, тарихи санасының қалыптасуына, көркем ойлау қабілетінің жетілуіне тигізер әсерін жан-жақты түсіндірді. Оқушылар ұсынылған кітаптармен танысып, өздерін қызықтырған шығармалар жайында сұрақтар қойып, пікір алмасты. Шара кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, жас буынды сапалы әдебиетке бағыттауға үлкен серпін берді.
30 қаңтар 2026 ж. 93

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам