Сәлем саған, туған ел!
№8 кітапхана Ақсуат ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп, ән өнерінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Сәлем саған, туған ел!» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Шараның мақсаты – Кеңес Дүйсекеевтің өнердегі дара болмысын ұлықтау, ұлттық музыка арқылы көрермен жүрегіне, туған елге деген ыстық ықылас пен рухани құндылықтарды дарыту, жас ұрпақты өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Кеш барысында өмірі мен шығармашылығынан шағын бейнеролик көрсетіліп, сазгердің ел мен жерді, адам мен тағдырды, уақыт пен ұрпақты терең сезіммен ұштастырған сырлы шығармалары орындалды. «Әнмен өрілген өмір» атты кітап көрмесі ұйысластырылып, өнер жолы, ән әлеміндегі қолтаңбасы, ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі жайлы сыр шертетін кітаптар насихатталды.







