Елдік үшін күрескен Сартай батыр

  №13 балалар кітапханасы Сартай батыр Байжанұлының–315 жылдығына орай «Елдік үшін күрескен Сартай батыр» атты ерлік сағатын өтті. 
  Аталған шараға №11 мектеп – лицейінің Гүлстан Тастыбаева жетекшілік еткен 5 «Б» сынып оқушылары, кітапхана меңгерушісі Алмира Мажитқызы қатысты.      
  Мақсаты - қолбасшы, батыр, өмірін халқының тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күреске арнаған Сартай батыр Байжанұлының ерлігін насихаттау.
 Шара барысында батырлығымен бірге діни сауаттылығы және әулиелік қасиеті, өмір жолы туралы мәлімет беріліп, жоңғарлармен шайқаста ерен ерлік көрсеткен, қазақ жерін жау қолынан азат ету жолында соңына мың бала ерткен қолбасшы жайында бейнеролик көрсетілді.
30 қаңтар 2026 ж. 48

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам