Қазақ өнерінің жұлдызы
№4 кітапхана Қазақстанның халық артісі, театр және опера өнерінің көрнекті өкілі К.Кенжетаевтың - 110 жылдығына орай «Қазақ өнерінің жұлдызы» атты өнер сағатын өтті. Аталған шараға Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің 7 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты.
Шара барысында өнер иесінің өмірі мен өнері таныстырылып, қазақ музыка-сахналық өнерінің дамуына қосқан зор үлесі жайлы мол мағлұмат берілді.
Мақсаты - жастардың шығармашылығын шыңдап, жас ұрпаққа қазақ өнерінің тарихын таныту, ұлттық өнерге деген құрметін арттыру.







