Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

  №10 кітапхана Қараөзек клуб үйімен бірлесіп, қазақ поэзиясының биік шыңы, тағдыр мен талантты қатар арқалаған ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған, оның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.
  Шара барысында кітапхана оқырмандары Еркеназ Бақытбекқызы, Гүлханым Рысбаева, Айзия Жаңабай, Нұрлы Алпысбай ақынның «Ей, бауырым», «Ақынға» т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.   
  Уақыт өтсе де, ақын жырлары өз мәнін жоғалтқан емес. Өйткені шынайы поэзия — мәңгі, ал Мұқағали сөзі — халықпен бірге жасайтын рухани мұра. Әдеби-сазды кешке көрермен ерекше ықылас көрсетіп, алғыстарын зор қошеметпен білдірді.
 
06 ақпан 2026 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам