Дала, сенің ұлыңмын
№1 кітапханада «100 кітап» жобасы аясында қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған ақын Ж.Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» кітабы бойынша әдеби дайджест болып өтті.
Шараның мақсаты - ақынның халқымыздың тарихында ерлікпен азаттық үшін күрескен тұлғаларымыз жайында поэзия тілінде ой түйіндеген кітабын кеңінен насихаттау, қазақ даласының поэтикалық портретін суреттеген жыр жолдары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара барысында «100 кітап» жобасы бойынша өзінің саналы ғұмыры мен күш-жігерін әдебиетке арнаған ақын Ж.Әбдірашевтің өмірі мен шығармашылық мұрасы жайлы айтылып, 1975 жылы жарық көрген патриоттық мәнге толы, рухты жырлары топтастырылған «Дала, сенің ұлыңмын» кітабына шолу жасалды. Жас оқырмандар өлең сөздің хас шебері ақын Ж.Әбдірашевтің ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы болып табылатын «Дала, сенің ұлыңмын» кітабынан жыр жолдарын мәнерлеп оқыды.







