Жырлайды жүрек
№7 кітапхана Қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырлайды жүрек» атты поэтикалық марафон өтті.
Мақсаты – ақын шығармашылығын насихаттау, жас оқырманның поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық әдебиетімізді дәріптеуге өз үлестерін қосу.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, жүрек тебірентер жырларын жатқа айтып, көркем сөз өнеріне деген шеберліктерін көрсетті. Поэтикалық марафонға 7 сынып оқушылары Жанеля Батырханқызы, Інжу Шамсутова, Арайлым Ишанғали және т.б. оқырмандар белсене қатысты.







