Ана тілі – Жүрек үні
Жетістікпен құттықтаймыз!
№15 Талсуат ауылдық кітапхана жанындағы «Ана тілі – Жүрек үні» көркемсөз үйірмесінің мүшесі, №178 қазақ орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Іскендір Раяна Дарханқызы республикалық деңгейде өткен «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер байқауына белсене қатысып, «Көркем сөз» жанры бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас өнерпаздың көркем сөзді жүрекпен сезініп, әсерлі жеткізе білуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл – талмай еңбектенудің, өнерге деген сүйіспеншіліктің және ана тілімізге деген құрметтің айқын көрінісі.
Раянаға шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! Байқауға дарынды талантты, шәкірт тәрбиелегені үшін үйірме жетекшісі Анасова Гүлзира Журсінбекқызы арнайы дипломмен марпатталды. Жетекшілеріне және ата-анасына зор алғыс білдіреміз!







