Өмірге шуақ төккен өлеңменен

  №17 кітапхана қазақ поэзиясының заңғар ақыны, лириканың жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өмірге шуақ төккен өлеңменен» атты әдеби-сазды жыр кешін өтті. 
  Шараның мақсаты – ақынның бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, өлеңге, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оқырманның рухани дүниесін байыту және кітапханаға оқырман тарту. 
  Кеш қонақтары Сыр елі шығармашылық өкілдерінің ортасында шоқтығы биік ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Дүйсенбек Аяшұлы, Қызылжарма ауылдық ардагерлер төрағасы Молдашбек Ордабаев бір топ ауыл ардагерлерімен, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Палымбетова болды. 
Кеш барысында қонақтар ақынның шығармашылығы жайында тағылымды ойларын ортаға салып, жас ұрпаққа ақын поэзиясының мәні мен маңызын түсіндірді. Арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, жүрекке жетер өлеңдері оқырманның ерекше сұранысына ие болды. 
  Жыр кешіне қатысушылар ақынның поэзиясындағы адамгершілік, отаншылдық, махаббат пен өмірге деген құштарлық тақырыптарына терең тоқталды. С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп оқушылары мен Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, Қызылжарма мәдениет Үйінің өнерпаздары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша көрініс көрсетіп, «Қуаныш» әжелер ансамблі әнге айналған шығармаларын орындап  көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
06 ақпан 2026 ж. 52

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам