Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
№18 кітапхана ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 95 жыл толуына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия сағаты №197 мектеп оқушылары мен сынып жетекшісі Гүлшат Ысқақованың қатысуымен өтті.
Шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытқан, тау тұлғалы, табиғи дарынның құдіреті болған, ақынның поэзиясы арқылы, ұрпақты адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шара барысында ақын өмірінен видео ролик көрсетіліп, оқушылар Қ.Нұрғали «Үш бақытым», Ш.Бақытбек «Отан», А.Есенғали «Қыздарға», Б.Өмірзақ «Тау бір аңыз», Н.Сұлтаназар «Мектебіме», А.Даниярова «Қайда сағатым» атты ақын өлеңдерін жатқа оқыды.







