Жырлайды жүрек – Мұқағалиды
№3 кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырлайды жүрек – Мұқағалиды» атты поэзия кеші болып өтті.
Шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мұрасын кеңінен насихаттау, оның поэзиясының халық арасында кең таралуының мәні мен өміршеңдігі сырына тоқталу, сондай-ақ кітапханаға оқырман тарту.
Кеш барысында ақынның «Есіңе мені алғайсың» әні шырқалып, Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің оқушылары Жанар Аманова, Есіркеп Бексұлтан, Айжан Төребекқызы ақынның «Үш бақытым», «Шеше сен бақыттысың», «Қара өлең» сынды өлеңдерін оқырмандарға мәнерлеп оқып берсе, Асылай Халықберген «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқыды. «Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының ақиығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармашылығына арналған көптеген кітаптар мен шығармалары кітапхана оқырмандарына ұсынылды.







