Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

  №13 кітапхана және №176 орта мектеп бірлесіп, «Ғасыр ақыны» атанған – Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби – сазды кеш өткізді. 
  Шараның мақсаты - артында өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен  шығармашылығын  насихаттау.
Аталған шараға кітапхана оқырмандары және тәрбие ісінің меңгерушісі Бақытжамал Сегізбайқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Гүлдана Нуфтуллаева, Өміргүл Доскеева, Ерсін Пірназар қатысты. 
 Кеш қонақтары ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР «Құрметті автокөлікші» төсбелгісінің иегері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Жүзбай Таңрықбаев, Мәдениет саласының еңбек ардагері, Тасбөгет кенті қоғамдық кеңесінің мүшесі, Еңбек ардагері – Олжабай Тобағабылов, М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық - ІТ жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гулмира Көпболсынқызы.
  Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетілді. №176 орта мектеп директоры Майра Өмірзақызы Мұқағали Мақатаевтың бірнеше өлеңдерінің мән мазмұнына тоқталды. Кітапхананың белсенді оқырмандары ақын өлеңдерін жатқа айтып, «Қайран жеңгем» әнін ән-әуез пәнінің мұғалімі Берекет Абилов орындаса, «Бақыт деген» әнін Раяна Мұстафа, Жансая Аралбек орындап көрермендердің ықыласына бөленді. 
  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы және «Махаббат диалогінен» өлеңі бойынша әзірленген қойылым көрсетілді. «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі оқырмандарға кеңінен насихатталды. 
  Кеш қонақтары әдеби – сазды кештен алған әсерімен бөлісіп, жас ұрпаққа кітапты көп оқу керектігін айтты. Шара соңында Садуова Майра Өмірзақызы кеш қонақтарына рахметін айтып сыйлықтар таратылды.
09 ақпан 2026 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам