Күн көзінен сақтан
№6 кітапхана №235 мектептің «Балдәурен» тынығу лагерінің балалары арасында «Күн көзінен сақтан» атты әңгіме өткізіп, күн көзінен қорғану жолдары туралы мәліметтермен таныстырды. Жаз айларында дұрыс киіне білу, үнемі бас киім киюдің пайдасы, қатты ыстықтың адам ағзасына зияны туралы айтылған әңгімелер балалар қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтарға жауап іздеді.







