Мұқағали - мәңгілік өлең
№6 кітапхана К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гимназиясымен бірлесіп, «Мұқағали - мәңгілік өлең» атты поэзия кешін өткізді.
Шараның мақсаты - жас ұрпақтың бойына әдебиетке, поэзияға деген ықыласты арттыру, Мұқағали мұрасын насихаттау.
Шара барысында қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, ақынға арналған арнау жырларын тебіреніспен жеткізді. Сонымен қатар ақын сөзіне жазылған әндер жанды дауыста орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін шағын сахналық қойылым ұсынылып, ақын болмысы көркем бейнеленді. Кітапхана оқырмандары поэзия кешіне белсенді қатысып, өз өнерлері арқылы ұлттық поэзияға деген құрмет пен сүйіспеншілігін көрсете білді.







