Әр - өлеңі – бір әлем

  №14 кітапхана қазақ халқының даңқты ақыны, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Әр - өлеңі – бір   әлем» атты  әдеби кеш өтті.
  Шараның мақсаты - ұлы ақынның бай мұрасын насихаттай отырып, өскелең ұрпақты  ақынның  өлеңдері арқылы елжандылыққа шақыру.   Әдеби кешке №189 орта мектептің оқушылары мен кент жанынан құрылған «Әл-Әзиз» оқу орталығының оқушылары қатысып, ақынның «Отан», «Үш бақытым», «Ана сен бақыттысың», «Қойшы ауылда», «Өз – өзіңді жақсы көр» атты өлеңдерін жатқа оқыса, «Ақ бата» әжелер ансамбілі «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар шараға арнайы «Әр өлеңі - бір әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кешті Белкөл кенті клубының әдіскері Шынар Біртайқызы қорытындылап, Мұқағали поэзиясының ұрпақтан – ұрпаққа жалғасатын өшпес мұра екенін атап өтті.
11 ақпан 2026 ж. 37

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам