Қажымұқан жолымен
№5 кітапхана Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Қажымұқан жолымен» атты спорттық сайыс өтті.
Шараның мақсаты – қазақтың біртуар перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ерлік жолын насихаттау, жастарды спортқа, төзімділік пен ұйымшылдыққа баулу.
Спорттық сайыс барысында қатысушылар арасында қол күресі, арқан тарту, күш сынасу және танымдық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырды.








