Досыңды сыйла, қымбаттым!

  №8 кітапхана мен Ақсуат мәдениет үйі бірлесіп, «Адал адам» мәдени–тәрбие орталығы «Әлем ВООК» бағыты бойынша Мұқағали Мақатаевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Досыңды сыйла, қымбаттым!» атты әдеби-музыкалық жыр кеші өткізді.
  Кештің мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармашылығын насихаттау, оның өлеңдеріндегі адамгершілік, достық, адалдық, Отанға сүйіспеншілік секілді асыл қасиеттерді дәріптеу. 
  Шара барысында ақын өмірінен сыр шертіліп, сыршыл лирикаға толы жырлары мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды. 
  Әдеби кешке №143 мектеп, «Baiterek shool» мектебі және «Ansar - Kausar 2020» мектебінің оқушылары белсенді қатысып, өз өнерін паш етті. Оқушылардың жүрекжарды орындауы мен әсерлі оқылымдары көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
11 ақпан 2026 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам