«Тағдыр» романы

  №20 кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша кітап талдауы болып өтті. 
  Шараға М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенттері қатысты. 
  Тағдыр романы ХІХ ғасырдың аяғы соғыс қаруы жетілген, халық саны артылған, шекарасы даңғайыр, алпауыт империялар Қытай мен патшалық Ресейдің қазақ даласын бөліске салатын, өзара талас-тартысынан зардап шеккен жергілікті түрік-мұсылман тектес халықтардың ауыр тағдыры аса көркемдікпен суреттеледі. 
  Жазушының бұл туындысы уақыт талабы мен сынынан мүдірмей өткен, келешек ұрпақтың рухани байлығына қызмет ететін іргелі туынды. 
«Ұлы көштің Дарабозы» атты кітап көрмесінде жазушының шығармалары мен тарихи романдары таныстырылып, оқуға ұсынылды.
11 ақпан 2026 ж. 49

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам