Олжас жыры - елдік пен ерліктің үні
№6 кітапхана С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжі оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет зерттеушісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай «Олжас жыры - елдік пен ерліктің үні» атты әдеби кеш өтті.
Шараның мақсаты - Олжас Сүлейменовтің шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қазақ әдебиеті мен қоғамына сіңірген еңбегін жастарға таныту, оқырманның әдеби-танымдық көзқарасын қалыптастыру.
Кеш барысында қаламгердің қазақ халқына, қазақ еліне, қазақ ұлтына сіңірген зор еңбегі насихатталды. Сонымен қатар ақынның шығармаларына шолу жасалып, "Аз и Я" кітабына талдау жүргізілді.
Оқырмандар О.Сүлейменовтің өлеңдерін оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әдеби кеш мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.







