Кітап сыйла, досым!
№12 кітапхана 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап сыйла, досым!» атты акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты - кітапхана қорын заманауи басылымдармен толықтыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттау.
Бұл атаулы күн 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі–адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.
Шара қонақтары - ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы – Жүзбай Ибрагимұлы, Педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі «Сыр ескерткіштері» кітабының авторы Бақытжан Мұқарамұлы, Қазақстан «Халық» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі- Арайлым Сұлтанбекқызы, Қызылорда облысы білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы қосымша білім беру орталығының ұстазы - Айнұр Амангелдіқызы, «Аманат school» мектебінің ұстазы - Жанат Сламшақызы.
Акция барысында кітап оқуды жақсы көретіндер үшін арнайы ойындар, викториналық сұрақтар қойылып, ән айтылды. Ақын-жазушылар, кітап сату дүкені, зиялы қауым өкілдері, журналистер, ұстаздар, оқушылар және қала тұрғындары өздерінің жеке кітаптарын сыйға тартып, кітап қорын байытуға үлес қосты.







