Кітап сыйла, достым!
№4 кітапханада 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап сыйла, достым!» атты кітап сыйлау акциясы болып өтті.
Шараның мақсаты - кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықды насихаттау және кітап қорын толықтыру.
Акция барысында кітапхана оқырмандары мазмұны жағынан құнды кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты. Сонымен қатар, шара қатысушылары арасында кітап алмасу ұйымдастырылып, жастар мен оқушыларға кітаптың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.







