Табиғат таңғажайыптары
№20 кітапхана балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуге ықпал жасау мақсатында Ә. Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейдің күндізгі тынығу лагерінде «Табиғат таңғажайыптары» атты қызықты хабарлама сағатын өткізді. Кітапхананың «Жазғы кітап» жобасы аясында ұйымдастырылған шара барысында лагерь демалушыларына табиғаттың тылсым сырлары жайлы жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар таныстырылып, еліміздің сырға толы таңғажайып табиғаты, көрікті жерлері жайлы қызықты ақпараттар мен танымдық мәліметтер берілді. Балалар бір сәт кітап арқылы ғажайыпқа толы табиғаттың көрікті жерлеріне, фаунасы мен флорасына саяхаттап, таным көкжиектерін кеңейтті.







