Кітап сыйла – руханиятты қолда

  №3 кітапханада 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, «Кітап сыйла – руханиятты қолда» атты акция болып өтті.
 Акцияның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырмандар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру және кітап қорын толықтыру. 
  Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты. Акцияға белсенді оқырмандар, жастар мен кітапсүйер қауым қатысты. Соның ішінде И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары – Айгерім Омарқызы, Қызылорда қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері Жадыра Мадиқызы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Ұлдана Жүсіпова, кітапхананың белсенді оқырманы Салтанат Амангельдина, Титов қыстағының жеке кәсіпкері Өмірсерік Құраспаев, Қалалық М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері құнды кітаптарды сыйға тартса, жас  оқырмандарымыз келген қонақтарға ән-жырларын шашу етті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, кітапхана қоры әртүрлі жанрдағы әдебиеттермен толықты.
13 ақпан 2026 ж. 40

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам