Жалаңтөс батыр ерлігі

  №18 кітапхана Мемлекет қайраткері, батыр, дарынды қолбасшы Сейітқұлұлы Жалаңтөс баһадүрдің туғанына 450 жыл толуына орай «Жалаңтөс батыр ерлігі» атты кітап көрмесі өтті. Аталған шараға №197 мектеп оқушылары, мектеп директорының тәрбие орынбасары Еркінбай Нұралы Мақсұтбекұлының қатысты.
  Шараның мақсаты - Бұхар хандығында тәрбиеленіп, әскери өнер мен діни білімді қатар меңгерген, қолбасшылық қасиетімен дараланған тарихи тұлғаның өмірі мен ерлігі туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушыларға үлгі етіп, патриоттық сезімін ояту, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
  Шара барысында - Жалаңтөс баһадүр ерлігі туралы жазылған әдебиеттермен таныстырылып, оқуға ұсынылды.
13 ақпан 2026 ж. 37

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам