Қанды соғыстан қайтқан боздақтар

  №17 кітапхана Қызылжарма мәдениет Үйімен бірлесіп, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған айтулы күніне орай «Қанды соғыстан қайтқан боздақтар» атты ардагерлермен  кездесу кеші өтті. 
  Кеш ҚР мемлекеттік Әнұранымен басталып, Ауған соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіп, 1-минуттік үнсіздікпен еске алумен жалғасты.
  Аталған шараға №5547 әскери бөлімнің сарбаздары, С.Әлжіков атындағы №144 мектеп мұғалімдері, оқушылары және ауыл тұрғындары, ауған соғысының ардагерлері Бауыржан Палманов, Батырхан Жорықбаев, Мирамбек Кенжебаев ағаларымыз қатысты.
  Кеш барысында ардагерлеріміз жас ұрпаққа ауған соғысының жүректе жазылмайтын жара қалдырғанын, тарихта ерекше орын алатын беттеріне тоқталып өтті. Кітапхананың белсенді оқырмандары С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді. Кеш ажарын Қызылжарма мәдениет Үйінің жанынан құрылған «Әнел» ән үйірмесі қатысушылары Баубек Бердиев «Сәйгүлік» әнін, Мағжан Серікбай «Көк байрағым» әнін және Тұрлыбек Дарушханұлы «Елге сапар» атты патриоттық рухта жазылған әсем әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ауғанның отты жылдары» атты бейнебаян көрсетіліп, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
  Кешті мәдениет Үйінің директоры Рүстембек Айтжанбекұлы қортындылап, қонақтарымызға сый-сияпат көрсетіп, алғыс білдірді. Тәрбиелік тағылымы мол шарадан оқырмандар ғибратты әңгіме тыңдап, зор әсер алды.
13 ақпан 2026 ж. 47

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам