Кітапханаға жол

 А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай  «Кітапханаға жол» атты VIP – гид ойыны болып өтті.
  Шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға баулу, кітапхана қорымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.
Қала тұрғындарына жарнамалық парақшалар мен буклеттер таратылып, кітапхана жайлы ақпарат берілді.
  Шара барысында жарнамалық парақшалармен танысқан тұрғындар кітапхана бөлімдері бойынша бағыт-бағдар алып, арнайы тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді. VIP - гид форматында өткен шарада оқырмандар кітапхананың қызметі, кітап қоры, жаңа әдебиеттермен танысып, пайдалы мағлұматтар алды. Шара соңы «Кітапхана» және «Оқырман» арасында кері байланыс  орнатылып, әр түрлі жанрдағы жаңа әдебиеттермен алмасты. Шара өте белсенді, әрі танымдық деңгейде өтті. Оқырмандар ойынға қызығушылықпен қатысып, мол тәжірибе алды.
13 ақпан 2026 ж. 32

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам