Ерлік даңқы мәңгілік

  №14 кітапхана Белкөл кенті клуб қызметкерлерімен бірлесіп, 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған айтулы күніне орай «Ерлік даңқы мәңгілік» атты кездесу кешін өткізді.
  Кеш қонақтары Ауған соғысының ардагерлері: «Ерен еңбегі үшін» медалі иегерлері Жорықбаев Батырхан Есенбайұлы, Кенжебаев Мейрамбек Жақсылықұлы, Палманов Бауыржан Сабырұлы қатысып, соғыс жылдарындағы бастан өткерген қиындықтары мен есте қалған оқиғаларын айтып өтіп, Отан алдындағы борыштың маңыздылығы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Сонымен бірге шара барысында клуб қызметкері Үркінбаев Ерлан «Жауынгерлер», «Әл-Әзиз» балалар хорының өнерпаздары Ақдәулет Салман «Мен қазақпын», Жылқайдар Төреғали «Ассалаумағалейкум» әндерін орындап, шараға ерекше рухани әсер сыйлады.
 Белкөл кентіне қарасты Бірқазан елді мекеніндегі №145 орта мектептің «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімі Мырзахметов Еркеғали Жұмабекұлы оқушыларымен бірге уақытқа автомат жинау сайысын өткізді. Кешті №14 кітапхана меңгерушісі Нұртаева Гүлжайна Қазыханқызы қорытындылап, ардагерлерге рахметін айтып, сый-сияпатын табыстады. Аталған кездесу – жас ұрпаққа тарихи шындықты жеткізіп, олардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған маңызды мәдени-танымдық іс-шараның бірі болды.
13 ақпан 2026 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам