Қазақ ғылымының Асқары
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Қазақ ғылымының Асқары» атты танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Жастарға физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаевтың өмірі мен ғылым саласындағы еңбегі туралы ақпарат беру.
Шара барысында Асқар Жұмаділдаевтың алгебра, комбинаторика және математикалық талдау саласындағы зерттеулері, ғылымды насихаттаудағы еңбегі, студенттерге арналған ашық дәрістері мен қоғамдық қызметі туралы мәлімет берілді.







