Жасанды интеллект дегеніміз не?

  №1 кітапхана Тасбөгет кентінде орналасқан «Оқушылар мен жасөспірімдер үйімен» бірлесіп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануына орай «Жасанды интеллект дегеніміз не?» атты танымдық сағат өтті. 
  Шараның мақсаты – оқырмандардың заман талабына сай жасанды интеллект жайлы ой-өрістерін дамыту, цифрлық өмір талаптарына бейімдеу.
  Шараға «Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің» оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Құдайбергенова және пән мұғалімдері Ғ.Әлиханова, Ж.Алмат, психолог Д.Жұмашқызы және білім алушылары қатысты. 
  Шара барысында жасанды интеллекттің пайда болу тарихы және дәл қазіргі уақытта оны тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері мен ауқымының кеңейіп келе жатқаны жайлы ақпарат айтылып, лед экраннан ЖИ көмегімен жасалған І.Жансүгіровтің «Құлагер», С.Мұратбековтің «Жусан иісі», Ш.Перроның «Қызыл телпек» шығармалары бойынша бейнебаян көрсетілді.
17 ақпан 2026 ж. 32

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам