Жүрекпен жазылған жырлар
№4 кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Жүрекпен жазылған жырлар» атты әдеби караоке өтті. Аталған шараға Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ақын шығармаларын кеңінен насихаттау, оқырмандарға поэзия құдіретін сезіндіру, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықды дәріптеу.
Шарада қатысушылар ақынның жүрекке жететін лирикалық өлеңдерін, елге танымал ән мәтіндерін караоке форматында орындады. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалып, жырларындағы махаббат, туған жер, адамгершілік тақырыптары кеңінен қамтылды.







