Заң мен тәртіп - құндылығы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана және №14 кітапхана бірлесіп, «Заң мен тәртіп - құндылығы» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен кездесу кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мен тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлері Жалғасбай Есмаханұлы мен Жеңіс Бақытұлына сөз берілді. Олар өз қызметтерінің бағыт – бағдары, жауапкершілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау жөнінде пайдалы мәліметтер ұсынылды. Кеш қатысушылары тарапынан «Сейхун» колледжі студенттері мен кітапхана меңгерушісі Л.Рабаева өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кеш соңында қонақтарға сый - сияпат көрсетілді. Кездесу кеші тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды өтті.







