Тағдыр - тарих айнасы
№10 кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған «Тағдыр - тарих айнасы» атты ашық есік күні болып өтті.
Іс-шараның мақсаты - «Тағдыр» романының идеялық-көркемдік ерекшелігін таныстыру және оқырманның тарихи-танымдық көзқарасын кеңейту, жазушы мұрасын насихаттау.
Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, романда көтерілген тарихи кезеңге байланысты әдебиеттер ұсынылды. Оқырмандар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды.







