Мейірімді дәрігер – өнегелі тұлға
№12 кітапхана И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен Әли Көтібаровтың 155 жылдығына орай «Мейірімді дәрігер – өнегелі тұлға» атты танымдық сағатын өтті.
Мақсаты - қазақ медицинасының дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаның өмірі мен еңбегін таныстыру, оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, мамандыққа адалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында Әли Көтібаровтың халыққа сіңірген еңбегі, медицина саласындағы қызметі туралы кеңінен мағлұмат берілді. Қатысушылар дәрігерлік мамандықтың маңызын терең түсініп, тарихи тұлғаның өмір жолымен танысты.







