Ұлт ұстазы – Ыбырай
№5 кітапханада қазақ халқының көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы – Ыбырай» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен ағартушылық қызметін таныстыру, оның шығармалары арқылы білімге, өнерге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кеш барысында ағартушының өмірбаяны таныстырылып, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашуы, оқулық жазуы, қыз балалар білімін дамытуға қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері оқылып, тәрбиелік мәні түсіндірілді.







