Күй анасы - Дина
№13 балалар кітапханасында қазақтың күйші - компизиторы Дина Нұрпейісованың - 165 жылдығына орай «Күй анасы - Дина» атты өнер кеші болып өтті.
Мақсаты - күйші Дина Нұрпейісованың туындыларын насихаттау, жас ұрпақты күй өнеріне баулу және оларға үлгі өнеге көрсету.
Аталған шараға Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінің «Балбырауын» домбыра үйірмесінің өнерпаздары мен үйірме жетекшісі Жүнісова Айнұр Жүздешқызы қатысты.
Шара барысында Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Алмат Айша бибі, Ақтай Іңкәр, Ғаниева Альфия, Көптілеуов Алихан, Кенжебек Дәулет, Отбасқан Сержан, Шайзада Елдос «Науысқы», «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» күйлерін орындады.
«Қазақ күйінің ханшайымы» атты кітап көрмесі жасалып, ұлт тарихында мәңгілік мұра қалдырған Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.







