Ой маржаны кітапта
А.С.Пушкин атындағы Орталық кітапханада «Ой маржаны кітапта» атты жаңадан келіп түскен әдебиеттерден библиофреш ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды. Оқырмандар кітап сөресінен қазіргі заман талабына сай адами факторды қалыптастыруда үлкен роль атқаратын әрдайым сұраныстағы психологиялық: А. Әлменбет «Берекелі бизнестің сыры», Б.Бұқарбай «Күнкөрістен байлыққа жет!», Д.Мэрфи «Сіз бай бола аласыз», А. Рысмендиевтің үш кітабы «Кәсіпкерлік құпиясы», Қ. Шонбай «Екінші болма», отбасымен оқитын тәрбиелік мәні зор О.Жәлелұлы «Жақсы», С. Керімбай «Өркениетті адам», Б.Мақсатқызы «Баян өзім жайлы ғана емес», Б. Иманғазина «Тауқымет», отбасы хрестоматиясы «Махаббаттың мәні», Л.Сұлтанқызы «Менің екінші кітабым» және т.б. әдебиеттермен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.








