Ақылды әлем: Робаттар және біз
№15 кітапханада Заманауи технология, жасанды интелект, робототехника саласының дамуын және олардың адам өміріне әсерін сипаттау аясында «Ақылды әлем: Робаттар және біз» атты шеберлік сағаты болып өтті. Шараға №178 қазақ орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты - оқушылардың ғылыми-техникалық қызығушылығын арттыру, цифрлық сауаттылығын дамыту. Жасанды интеллект және оның маңызы. Болашақтағы мүмкіндіктері мен қауіпсіздік мәселелері.
Шара барысында жасанды интеллектінің қазіргі қоғамдағы рөлі баяндалып, медицинада, білім беру жүйесінде, өндірісте және ақпараттық технология саласында кеңінен қолданылып жатқаны айтылды.







