Халықтан шыққан дана ақын
№16 кітапхана қазақтың халық ақыны, жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Халықтан шыққан дана ақын» атты әдеби-жыр кеші өткізілді. Шараға А. Байтұрсынов атындағы № 211 мектептің 7 сынып оқушылары мен мұғалімдері, кітапханашылары қатысты.
Шараның мақсаты - жас оқырмандарға жыр алыбы Жамбылдың өмір жолдары мен шығармашылығын таныстыру, ақын жырларын насихаттау.
Шара барысында ХХ ғасыр Гомері атанған, қазақ поэзиясын әлемге танытқан Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы қазақ әдебиетінің мұғалімі Маханбетова Ақерке кеңінен тоқталып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, «Бата алған бала Жамбыл» атты көрініс қойылды. Кеш соңында шараға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.







