Батырлық пен парасаттың үлгісі

  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана С.Ысқақов атындағы колледж кітапханасында мемлекет қайраткері, қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына орай «Батырлық пен парасаттың үлгісі» атты тарихи танымдық сағат өткізді.
 Шараның мақсаты - жас ұрпаққа қолбасшының ерлікке толы өмір жолын, ел қорғаудағы батырлығы мен даналығын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
 Танымдық сағат барысында Жалаңтөс Баһадүрдің тарихи тұлғасы, әскери қолбасшылық қыры, ел бірлігін сақтаудағы рөлі, Самарқан қаласындағы тарихи құрылыстарға қосқан үлесі  туралы мазмұнды баяндамалар оқылды. Шараға қатысушылар тарихи деректерге байланысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. 
 Шара соңында қатысушылар батырдың өнегелі өмірі – бүгінгі ұрпақ үшін рухани үлгі және мұндай тәрбиелік мәні зор шараның жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті.
20 ақпан 2026 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам