Қазақ киносының Құлагері

  №1 кітапхана Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ киносының классигі, қазақ кино өнерінің өркендеуіне жол ашып, көптеген актерлердің жұлдызын жаққан кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ киносының Құлагері» атты өнер сағатын өткізді. 
  Шараның мақсаты – еркін ойлай білетін жас ұрпақты тәрбиелеу, қайталанбас қолтаңбасын қалдырған тұлғаның мол мұрасын насихаттау, өнерге деген қызығушылығын арттыру. 
  Шара барысында 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін атаулы күндер тізбесіне енгізілген А.Қарсақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы бейнебаян және де режиссердің 1967 жылы Франциядағы Канн фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алған «Менің атым Қожа», 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық фестивальде бас жүлдеге ие болған «Алпамыс мектепке барады», «Балалық шаққа саяхат», «Балалық шақтың кермек дәмі» атты балалардың сүйікті фильмдерінен үзінділер көрсетілді. Жас оқырмандар қазақ балалар киносының негізін қалаушы А. Қарсақбаевтың фильмдерінен алған әсерлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. 
  Қатысқан оқырман саны – 25.
 
20 ақпан 2026 ж. 28

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам